ТКШ

Өңірлер дамуының бір көрсеткіші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

 

Елбасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына басымдық беруі аталған саланы дамытуға қарқын қосуы тиіс. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының келбеті халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан нақты істерді көрсетеді. Облыстық Азаматтық Альянс Ассоциациясының төрағасы Сергей Худяков ең алдымен кіші және орта бизнестен бастау керек дейді.

 

Сергей Худяков, “СҚО Азаматтық Альянс Ассоциациясы” ЗТБ төрағасы:

-Мен инфрақұрылым мен кіші және орта бизнестің дамуы бір-бірімен тығыз байланысты деп айтар едім. Өйткені, кәсіпорын ашылған жағдайда оған жылу мен жарық тартылады, жол төселеді. Бос жұмыс орындар пайда болады. Яғни, бизнестің алдынан туындайтын әкімшілік кедергілерді алып тастап, заң тұрғысынан демеу керек.

 

Сергей Худяковтың алға тартқан екінші ұсынысы – ұзақ мерзімді тарифке көшуге түсіністікпен қарау. Оның құрамындағы инвестициялық бөлігі жыртықты жамап қана қоймай, тың технологияларды енгізіп, коммуналдық қызмет сапасын арттыруға септеседі.

 

Сергей Худяков, “СҚО Азаматтық Альянс Ассоциациясы” ЗТБ төрағасы:

-Тұрғындар баспана қамын ойластыруды Үкіметке жүктеп қоймай, өздері де белсенділік танытса жұмыс жемісті болар еді. Тұрғын үйді кәсіби түрде басқару үшін Пәтер иелері кооперативтері төрағаларының осы тұрғысында сауаттылығын арттыру қажет.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шарушалығын дамытудың тағы бір кілті – білікті мамандар.

 

Данаш Хамзина