Құқық қорғау органдары

Дауларды сотқа жеткізбей шешуге болады

 

 

Елімізде медиация туралы заң 2011 жылы енгізілді. Әзірге бұл қызмет түрі тұрғындар арасында ақпараттың аздығынан алға баспай жатқандығы тағы бар, сол себептен қала прокурорларының ұйымдастыруымен медиацияны дамыту жайы семинар-кеңесте талқыланды. Оған қаламыздың медиаторлары қатысып, өз ойларымен бөлісті.

 

Александр Никитенко, кәсіби емес медиатор:

-Мен кәсіби адвокат болып қызмет атқарамын. Жақында кәсіби емес медиатор ретінде тіркелдім. Кәсіби медиатордың қызметі ақылы болса, кәсіби емес медиатордың қызметі тегін, міне басты айырмашылығы осы.

 

Облыста медиация институты кенже қалған. Кәсіби бітімгердің қызметіне тек өткен жылы бір азамат қана жүгініпті. Осылайша қылмыстық іс сотқа жетпей, екі жақтың келісімімен шешілген. Қала прокурорының көмекшісі Егор Поляков құқық қорғау органдары мен бітімгердің арасында өзара байланыс болуы керек дейді.

 

Егор Поляков, Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:

-Медиаторлар қылмыстық және азаматтық істерді қарайды.Оларға арнайы лицензияның болуы міндетті емес.Өңірімізде он төрт кәсіби медиатор қызмет етуде.Ал оларға жүгінушілер саны аз.

 

Жанжалды бітімгердің көмегімен шешуге болады, әрине қызмет көрсету түрі ақылы. Оның құнын айыпталушы және жәбірленуші тарап та төлейді. Семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бірлесе жұмыс жасайтындықтарын айтты.

 

Бақыт Сәдуақасов