Құқық қорғау органдары

Әмбебап полицейлер қызметіне кірісті

 

 

Егер бұрындары жол сақшылары мен патруль қызметтері екі түрлі істі атқарса, енді олар әкімшілік полиция болып бірікті. Жаңа құрылған бөлім қызметкерлерінің басты міндеті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол қозғалысын да назардан тыс қалдырмау. Одан өзге заңбұзушылықтардың алдын алып, ескерту шараларын күшейту.

 

Серік Ыдырысов, СҚО ІІД басшысының орынбасары:

-2013 жылдың 1 қарашасынан әмбебап полицейлер жұмысын бастады. Олар қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

 

Әмбебап полицейлердің алдында тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы жаңа міндеттер тұр.

 

Мағжан Ахмадина