Салық басқармасы

Алкоголь өнімдерін саудалаудағы заңсыздықтар

 

 

Алкоголь өнімдерін сату барысы фискалды орган қызметкерлерінің ұдайы бақылауында. Жыл басынан бері Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы қызметкерлері бұл бағытта ереже бұзудың 58 фактісін тіркеген.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Олар лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату және сақтау. Білім беру мекемелерінің жанында орналасу және тағы басқа фактілер.

 

Бұдан өзге мамандар кассалық бақылау машиналарын қолданбай, алкоголь өнімдерін саудалаған 5 кәсіпкерге ескерту жасаған. Тағы 33-інің ішімдік сатуға рұқсат беретін құжаты 6 ай мерзімге тоқтатылған.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Салық органдарымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде 20 іс әкімшілік сотқа жіберілді. Жалпы сомасы 1 млн 637 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданды.

 

Бұдан өзге салық органдарымен мұнай өнімдерін ілеспе құжатсыз тасымалдау фактілері де тіркелген. Нәтижесінде заң бұзушыға 1 млн 211 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 10 тоннаға жуық өнім тәркіленді.

 

Мағжан Ахмадина