Құқық қорғау органдары

Судьялар 9 айдағы жұмысты қорытындылады

 

 

Өткен 9 айда ғана кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты 86 қылмыстық іс қозғалыпты. 107 айыпталушыға қатысты істердің тек 78-і соңғы нүктесіне жеткен. Бірқатары қылмыстық қудалаудан құтылды. Кінәлі деп танылған 35 жасөспірімге бас бостандығына шектеу қою туралы үкім шығарылған.

 

Бақыт Қасейінов,СҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

-Жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат таратқан екі жасөспірімнің жүріс-тұрысына шектеу қойылды. Сабағын мектебінде оқиды. Бірақ еркінсуіне жол берілмейді. Мектепке бармайтын болса, үйінде отыруы шарт. Әр қимылы жөнінде ІІО хабарлап тұрулары керек. Тәртіптік шара 1 жыл қолданылады. Егерде осы уақытта шалыс кетсе, жазасын қатайтып бостандығынан айырамыз.

 

Кіші-гірім бұзықтық жасағандардың 18-і шартты түрде жазасын өтеуге кесілсе, 3-і темір торға тоғытылды. Олар 1,6-3,6 жылға дейін тар қапасқа қамалды. Бас бостандығын бәйгеге тіккендер қатарынан бірнеше тонау жасапты.

 

Бақыт Қасейінов, СҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

– Мәселен біреуі 5 факті бойынша айыпталды. 2 айда осынша көлік айдап кеткен. Рұқсатсыз қолды еткенін бөлшектеп сатып жіберген. Өтпей қалғанын өртеп отырған. Бір жасөспірім мас күйінде 80 жасар зейнеткерді үйінде ұрып соғып, 30 мың теңгесін ұрлап кеткен.

 

Тағы бір бұзық жеткіншек биыл ғана екі рет сотталыпты. Жәбірленушілерге күш көрсетіп, бағалы заттарын тартып алып отырған. Оның бұндай бопсаулаудың 15 жағдайына қатыстылығы дәлелденген. Ағымдағы жылдың 9 айында азаматтық іс бойынша 297 өтініш түсіп, тең жартысы қанағаттандырылды.

 

Жеңіс Ермұқанов