ТЖ

Үздік өрт сөндіру бөлімі

 

 

Өрт сөндіру бөлімдері арасындағы жыл сайын өткізілетін бұл жарыстың маңыздылығы жоғары. Өйткені өрт аймағына бірінші болып газ-түтіннен қорғаушылар кіреді. Қызыл жалын мен қалың түтіннің ішінен жапа шеккендерді құтқару да осылардың міндеті.

Бұл оқу-жаттығу барысынан үзінді. Шеберлікті шыңдап, тәжірибені тағы бір мәрте пысықтағанның артықтығы жоқ дейді 101 қызметінің мамандары.

101 қызметкерлері арасында өткен облыстық сайысқа өрт сөндіру бөлімдерінің 11 командасы қатысты. Олардың алтауы Петропавл қаласынікі, қалғандары Шал ақын, Есіл, Қызылжар, Тайынша, Мамлют аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінен келген.

Сайыс соңында үздік деп танылған командалар бағалы сыйлық, грамота және қолдан қолға өтетін кубокпен марапатталмақ. Өткен жылы ол кубокты Петропавл қалалық №4 өрт сөндіру бөлімі қанжығалапты. Биыл жеңіс кімге бұйырады, оны жарыс қорытындысы көрсетеді.

 

Самат Есмағи