Құқық қорғау органдары

СҚО Ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

 

 

Кадрлық ауысым. ҚР ІІМ бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Ақан Саттыбайұлы Қажкенов тағайындалды. Өңірдің бас полицейін жеке құрамға ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Демеуов таныстырды. Ал аталмыш ведомствоға осыған дейін жетекшілік еткен Мұрат Ұрұмханов болса ендігі жерде Алматы облысының ішкі істер департаментін басқармақ.

 

Марат Демеуов, ҚР ІІМ бірінші орынбасары:

-Мұрат Ұрұмханов сіздерге басшылық еткен 2,5 жыл ішінде аз жұмыс істелген жоқ. Тың өзгерістер орын алды. Ведомствоның материалдық-техникалық базасаның нығаюына жағдай жасады. Жеке құраммен ардагерлердің жағдайын басты назарда ұстады. Оған дәлел көп. Ақан Саттыбайұлына жаңа қызметте табыс тілеймін.

 

Ақан Саттыбайұлы Қажкенов 1958 жылдың 6-қаңтарында бұрынғы Көкшетау облысы Ленинград ауданында туған. 1993 жылдан бастап басшылық лауазымда қызмет атқарып келеді. Біздегі Тайынша аудандық ішкі істер бөлімін басқарды. 2000 жылдан бастап Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы, Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек еткен. Соңғы тағайындалуға дейін Ақмола облыстық ішкі істер департаментін басқарды.

Өз кезегінде сөз алған облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев Мұрат Ұрұмхановтың бізде атқарған еңбегін жоғары бағалап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Ал жаңа басшы Ақан Қажкеновпен алдағы уақытта қоян- қолтық жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Облыстық ішкі істер департаментінде болған кадрлық ауыс-түйіс осындай жылы лебіздермен аяқталды.

 

Самат Есмағи