Спорт

Қазақ-түрік лицейінде ата-аналар спорттық жарыстарға қатысты

 

 

Бахыт Рамазановтың ұлы қазақ-түрік лицейінің 7-сыныбында оқиды. Бүгін ол өзге ата-аналардың қатарында волейболдан сынға түсу үшін келген. Әзірше басқа құрамалардың өнерін тамашалап, қарсыластарының мүмкіндіктерін байқауда.

 

Бахыт Рамазанов, ата-ана:

Барлығы жақсы дайындықпен келген. Көрініп тұр. Қолымыздан келгенше тойтарыс береміз деп ойлаймын.

 

Қазақ- түрік лицейіндегі ата- аналар арасындағы спартакиада биыл осымен 6-шы рет өткізілуде. Теннис, шахмат, волейболдан 70-ке жуық аға буын өкілі сынға түсіп, спорттық қарым-қабілеттерін көрсетуде. Мұндай шаралар салауатты өмір салтын дамытып, оқушылар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсуге септеседі дейді ұйымдастырушылар.

 

Ақжан Сұрағанов, бас төреші:

Бұл сыныптар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септеседі. Ата-аналардың да әрі қарай араласуына жол ашады.

 

Спартакиада жеңімпаздары кубок, дипломдармен марапатталады. Ал волейболдан бірінші орынға қол жеткізген ата-аналар командасы, қараша айында қазақ-түрік лицейлері арасында өткізілетін жарысқа жолдама алады.

Мағжан Ахмадина