Құқық қорғау органдары

Мемлекеттік күзет қызметінің үздіктері марапатталды

 

 

Бүгін – облыстық мамандырылған күзет қызметкерлерінің күні. Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қадағалап, мемлекеттік маңызды нысандардың күзетінде 604 тәртіп сақшысы жүр. Оларды кәсіби мерекелерімен облыстық ІІД басшысының орынбасары Серік Ыдрысов құттықтады.

 

Серік Ыдрысов, СҚО ІІД басшысының орынбасары:

– Бүгінде мамандандырылған күзет қызметінің техникалық базасы жақсара түсті. Олар қоғамдық тәртіпті қорғап жүр. Аталған салада өз ісінің шеберлері жұмыс істейді. Сондықтан да мерекеге орай сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

 

Бұдан кейін еңбегімен ерекшеленген бірқатар полицейлер марапатқа ие болды. Арасында Мейрам Жарқынбаев та бар. Аға сержант Тайынша аудандық мамандандырылған күзет қызметінде еңбек етеді. Мейрам Жарқынбаевтың ішкі істер органдарында жүргеніне 10 жыл болыпты. Еңбегі ескерілген полицей бүгін ведомстволық кеуде белгісіне ие болғанына дән риза.

Ал облыстық мамандырылған күзет қызметінің полиция батальонының взвод командирі Рашид Ордабаев мерекеге орай СҚО ІІД басшысының құрмет грамотасына ие болды.

Осылайша, аталған қызметте жүрген 38 тәртіп сақшысы ведомстволық кеуде белгілеріне ие болса, 2 қызметкерге құрмет грамотасы тапсырылды. Ал Айдар Шайменов бүгін лейтенант шеніне қол жеткізді. Оның ІІО жүргеніне 6 жылдың жүзі болыпты.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Бану Ахметова