Білім

Бұрынғы балабақша ғимараттары мемлекет меншігіне қайтарылуда

 

Петропавлда 90-шы жылдары 40-қа жуық мектепке дейінгі мекемелер сатылып кеткен болатын. Бүгінгі күні олар пәтер, оқу ошағы, спорттық және әлеуметтік ұйымдар болып саналады. Жыл соңына дейін Уәлиханов ауданындағы және облыс орталығындағы 2 балабақша мемлекетке қайтарылмақ. Солардың бірі Айыртау көшесі, 6  мекен-жайында орналасқан. Бұрын бұл жерде “Сана” колледжі болатын. Нысанда құрылыс жұмыстары жазда басталған еді. Бүгінгі күні көп істің басы қайырылыпты. Бүгінгі күні Петропавлдағы кішкентай тұрғындардың 70 пайызы мектепке дейінгі тәрбие алуда. Дегенмен балабақшада әлі де болса орын жеткіліксіз. Яғни, 9 мың бүлдіршін кезекте тұр. Бұл меселені шешу үшін жергілікті атқамінерлер жыл соңына дейін тағы 200 орынға шақталған балабақша ашылады деп жоспарлап отыр.

 

Гүлмира Кәрімова, Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы:

-Үш жылда «Балапан» бағдарламасы бойынша 2493 орын ашылды. Биыл -205, жыл соңына дейін тағы 194  ашылады.

 

Қазіргі күні ҚР білім және ғылым министрлігі мен облыстық әкімдік бірігіп бұрынғы “Ивушка” балабақшасын қайтарып алу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы уақытта аталған нысанда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 9-шы корпусы орналасқан екен.

 

Бану Ахметова