Құқық қорғау органдары

Шешесін өлтірген қаныпезер ұсталды

 

 

Тұрақты мекенжайы жоқ 48 жасар петропавлдық азаматшаның өлтірілгені жайлы ақпарат полиция қызметкерлеріне осы айдың басында түскен болатын. Тәртіп сақшылары бірден оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Марқұмның есімінің Элвира екені анықталды. Жәбірленушінің достары болмаған, туыстарымен араласпапты. Десек те анда-санда ғана ұлдарының бірі және оның құрбысымен ДСР аумағында көрісіп тұрған. Өйткені өзі сол жақта пәтер жалдап тұрыпты. Алайда соңғы үш апта көлемінде олардың ешқайсысы түрлі-түсті темір қабылдайтын қосынға ат ізін салмаған.

 

Руслан Сыздықов, Петропавл қалалық криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

-Іздестіру шаралары барысында марқұмның кім екендігі анықталып, оқиғаға қатысы бар деген күдіктіні іздестіру амалдары қолға алынды. Көп ұзамай ол Қызылжар ауданы аумағында қолға түсіп, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Жауап алу барысында қанды қол кінәсін толық мойындап, анасын көміп тастаған жерді өзі көрсетті.

 

Күдіктінің берген түсініктемесінде сол күні марқұм ұлының үйіне мас күйінде келген көрінеді.

Қылмысқа қатыстығын жасыру үшін 25 жасар облыс орталығының тұрғыны анасының өлі денесін жалға алған үйінің ауласына көміп тастаған. Артынша баспанасын босатып өзі ауылға қоныс аударады. Қазір аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Самат Есмағи