Қоғам

“Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз” байқауынан жерлестеріміз жүлделермен оралды

 

 

№ 623 “Астана-Петропавл” поезынан түскен Вероника Еськова мен Даниял Қанғожин өздерін қарсы алушыларға дипломдары мен сыйлықтарын мақтанышпен көрсетуде. Екеуі де “Бәріміз бірдейміз- кемсітуді білмейміз” республикалық байқауының жеңімпаздары. Олар “Үздік би” номинациясы бойынша үшінші орынды еншілепті. Бұл жұп байқауда рок-н-ролмен көрермендерді таңдай қақтырған.

 

Вероника Хаврошина,есту қабілетінде кемістігі бар балаларға арналған коррекциялық мектептің педагогы:

– Сайыс жеңіл болды деп айта алмаймын. 20-дан астам ұжым қатысты. Балаларымыз қобалжулы болғандарымен жақсы өнер көрсетті.

 

Руслан Растенов та республикалық турнирдің жеңімпазы атанған. Қызылжар ауданының педагогы 19 үміткердің арасынан 2 орынды иемденіпті. Оған білім саласындағы 14 жылғы  жинаған тәжірибемнің арқасында қол жеткіздім дейді Руслан.

 

Руслан Растенов, №2 Бескөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Қызылжар ауданы:

Бақталастық оңайға соққан жоқ. Сондықтан жеңіске жетемін деген үмітім су сепкендей басылған болатын. Бірақ намысқа тырысып, спорттық жоспардағы сайыста бар мүмкіндігімді сарп етіп, жүлделі орынға іліктім. Маған сенім артқандарға алғысым шексіз.

 

Елордасы Астанада өткен байқауда біздің өңіріміздің намысын 15 адам қорғаған болатын. Олардың барлығы бағалы және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Самат Есмағи