Спорт

Каратэшілердің қалалық чемпионаты

 

Шаршы алаңға бірінші болып 6-9 жас аралығындағы ең жас каратэшілер шықты. Сергей Бирюков каратэмен 3 жыл қатарынан айналысады. Бүгінгі тартысқа да 9 жасар жеткіншек мықтап дайындалған. Шапшаң қимылдап, татамиде белсенді болған ол алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

 

Сергей Бирюков, жарысқа қатысушы:

каратэ спортымен 3 жыл бойы шұғылданып келемін. Осыған дейін талай жарыстарға қатысып, тек 1,2,3-орындар алып келемін.Көбінде жеңіліс тапқан қарсыластарымнан өз есемді аламын. Бүгін 4 кездесу болады. Мен жеңемін деп бел будым.

 

12-13 жасар спортшылардың арасында қыздар да бақ сынады. Лада Плотникова жарысқа үлкен дайындықпен келіпті. Жеңістен үмітті.

 

Лада Плотникова, жарысқа қатысушы:

Маған каратэ өте ұнайды. Осы спорттың арқасында өзіме деген сенімділік пайда болды. Сол себепті, мен бүгінгі қарсыластарымнан ұтылмаймын деп ойлаймын.

 

Киокушинкай каратэдан қалалық чемпионат өңірімізде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл жолы оған Петропавл қаласынан өзге Айыртау мен Қызылжар аудандарынан 200-ге жуық спортшы қатысуда.

Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Валерий Евдокименконың айтуынша, 10 жыл ішінде СҚО-дағы киокушинкай каратэ спорты жақсы дамыған. Ал, осы бағытты ұстанған спортшылдар республика көлемінде жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр.

 

Берік Қасен