Қоғам

Дінтанушыларға арналған семинар

 

Дмитрий Абрашкиннің педагогтық еңбек өтілі 21 жыл. Қазіргі күні дінтану сабағынан дәріс беретін ұстаз мұндай семинар-тренингтің пайдасы зор екендігін айтады.

 

Дмитрий Абрашкин, Благовещенка орта мектебінің мұғалімі, Жамбыл ауданы:

Шараның маңыздылығы жоғары. Өзім дінтану сабағынан дәріс беремін.Ол пәнге қажетті оқулықтар аз. Ал семинар-тренингтен жұмысымызға қатысты жаңа әдіс-тәсілдер үйренеміз. Ол өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыруда бізге айтарлықтай пайдалы болары сөзсіз.

 

Тәуелсіз Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлысқа ортақ мекен бола білді. Әр халықтың өз мәдениетін, тілі мен ділін дамытуларына шектеу қойылмаған. Дінаралық татулық – бейбітшіліктің басты кепілі. Ұлтаралық ауызбыршілікті нығайту көшбасшы партияның таяуда қабылданған доктринасында да көрініс тапты.

 

Людмила Серікбаева, “Көмек қанаты” қоғамдық қорының төрайымы, Астана қаласы:

– Семинар-тренингіміздің мақсаты педагогтарға діни экстремизм жөнінен жан-жақты көмек беру. Себебі олар өскелең ұрпақпен тікелей жұмыс істейді. Ал теріс діни ағым жетегінде кетіп жатқандардың дені жастар. Ал ислам діні болса бейбітшілікті қолдайтын дін. Сондықтан жастарға осыны мектеп жасынан ұғындыру керек. Бұл ұлт көшбасшысының тапсырмасы. Оны жүзеге асыру бәрімізге ортақ міндет.

 

Жалпы бұл жолғы семинар-тренингке облысымыздан 300 жуық педагог шақыртылыпты. Үш күн бойына жүргізілетін шараның мақсаты – ұстаздарға діни-экстремизнің алдын алудың жаңа қырларын үйрету. Ол өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін қажет.

 

Самат Есмағи