Құқық қорғау органдары

Тағы бір телефон алаяғы

 

 

Петропавлдық азамат әмияны мен құжаттарын екі апта бұрын жоғалтып алған болатын. Сөйтіп, жергілікті газет пен телеарнаға хабарлама берген. Екі күннен кейін оған ер адам қоңырау шалып, жеке басын растайтын құжат, техникалық паспорт, жүргізуші куәлігін тауып алғанын айтып, сыйақы берсе, қайтаратынын жекізген. Сөйтіп, 10 мың теңгені айтқан телефон номеріне салып жіберуін өтініпті.

 

Валерий Детенков:

– Мен айтқан ақшасын беру үшін дүкенге бардым. Ал, ол қоңырау шалып, телефон номеріне жіберуімді өтінді. Сонда ғана құжаттарымды қайтаратынын айтты. Мен номерге ақша аудардым. Ол қазір тексеремін деп телефонды қоя салды. Қайта қоңырау шалып едім телефонын сөндіріп тастапты.

 

Жапа шегуші сол күйі құжаттары мен әмиянын қайтарып ала алмаған. Сөйтіп, алаяқтың арбауына түсіп қалғанын түсінген ол, полиция көмегіне жүгінген.

 

Юрий Коробейников, Петропавл қалалық ІІБ 2-ші полиция бөлімінің тергеушісі:

-Егер сізге сыйлық жеңіп алдыңыз, немесе жақын туыстарыңыз ауырып жатыр, ақша керек болып тұр деп қоңырау шалса, айтқандарын орындауға асықпаңыз. Өйткені телефон алаяқтары қазіргі кезде жиіліп кетті. Ең алдымен тексеріп алған дұрыс. Немесе бізге хабарласыңыздар.

 

Жәбірленуші әлі де болса, құжаттарының табылатынына сенімді.

 

Бану Ахметова