Құқық қорғау органдары

Қызылжар ауданында заңсыз аңшылық фактісі тіркелді

 

 

Заңсыз аңшылық құру фактісі “Браконьер” акциясының бірінші күнінде тіркелді. Жабайы қабанды атып алған Долматово селосының 28 жасар тұрғынын Согров мемлекеттік қорығының қызметкерлері мен табиғатты қорғау полициясының инпекторлары ұстаған.

Сезікті жануарды кешке атып алған екен. Кейін орман ішінде мүшелеп, қаптарға бөліп салып қойған. Алайда, арам ойын жүзеге асыруға үлгермеді. Қылмыс үстінде ұсталған жігіт енді 500 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе 45 тәулікке қамалуы мүмкін. Аңшысымақ тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін де жауапқа тартылады.

 

Алмат Дүйсекин, СҚО ІІД ӘПБ табиғатты қорғау полициясының инспекторы:

-Қазіргі таңда заңбұзушыны жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда. Табиғатты қорғау заңнамасына байланысты азаматтар аңға шығуға рұқсат беретін құжаттарды аң шаруашылығы мекемелерінен алулары тиіс.

 

Жалпы, облыс полицейлері рейдтің 2 күні ішінде табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 112 заңбұзушылықты анықтаған. Оның 40-тан астамы – заңсыз аңшылық құру, 30-ы – тыйым салынған балықтарды аулаумен айналысу, 4 жағдайда рұқсатсыз ағаш кесілген. “Браконьер” акциясы қазанның 30-нда аяқталады. Бірақ  бұл бағыттағы жұмыстар күзгі-қысқы аңшылық маусымында да жалғаспақ.

Заңсыз аңшылық құруға байланысты облыс аумағында жыл басынан 18 факті тіркелген. 3 аққайыңдық браконьердің оқиғасы 2 жылға бас бостандығынан айырумен тынды.

 

Данаш Хамзина