Қоғам

Электрондық қызмет көрсету аясы кеңейіп келеді

 

 

Е.gov электрондық үкімет порталының барлық қызметтерін толық пайдалану үшін тұтынушыға тек электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет. Қолтаңбаның бұндай түрі электрондық құжатты пайдаланамын деушілерге мол мүмкіндіктер ашады. Ол үшін ең алдымен, жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, порталда тіркелуі тиіс. Бұдан кейін компьютерге жалғанатын “Смарт картридерді” сатып алса болғаны. Құрылғы жеке тұлғаның төлқұжатындағы электрондық сандық қолтаңбаны анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы тұрғындар бала тууын тіркеуге өтініш беру, неке қию немесе бұзу, жұмыссыз азаматтарды тіркеу, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау сынды 198 қызмет түрін тегін әрі жылдам түрде, үйден шықпай-ақ ала алады. Нұрбат Абенов бүгін мекенжай туралы анықтаманы кеңесшілердің көмегіне жүгініп алды. Келесі жолы порталдың мүмкіндіктерін пайдаланып, қажетті құжаттарды үйінде отырып алуды көздеген.

 

Нұрбат Абенов:

-Міне, бүгін мекенжей анықтамасын алдым. Қазір менің төлқұжатыма цифрлық қолтаңба енгізді. Өте жақсы нәрсе екен. Келіп, салып, цифрлық кодын алып тез арада өзіңе керек қағазды алып шыға аласың. Енді осы цифрлық қолтаңбамен енді керек қағаздар мен анықтаманың бәрін үйде отырып ала беруге болады.

 

Егер ғаламторға кіру мүмкіндігі болса, ел тұрғындарына тек қағазды басып шығаратын принтер мен смарт картриждер құрылғысын сатып алу жеткілікті. Соңғысына төлқұжаттан өзге, банк карточкасын сұғып, интернет арқылы ақылы қызметтерді өтеуге болады. Демек, үйден шықпай-ақ, порталда айыппұлдарды және салықтарды VIZA, VIZA ELECTRON, MASTER CARD банктік белгісі бар төлем карталары арқылы өтей беруге болады. Бұл қызметтерден бейхабар тұрғындарға орталықта тегін кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.

 

Ольга Юрьева, СҚО бойынша “Халыққа қызмет көрсету ортылығы” РМКФ БАҚ жөніндегі менеджерінің міндетін атқарушы:

– Бізге келген заңды және жеке тұлғалар енді 7 кеңесшінің көмегімен электрондық қызметтерді өздігінен пайдалана алады. Мұнда кеңесшілер жылжымайтын мүлік, көлік, жер салығын, өсімпұл мен айыппұлды төлейтін азаматтарға электрондық қызметті дұрыс пайдалану ретін үйретеді.

 

Жаңа мүмкіндіктер порталын енді кез-келген аудан тұрғыны да пайлана алады.

 

Берік Қасен