Қоғам

Астанада “Нұр Отан” партиясының 15-ші съезі өтті

 

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткен 15-ші съезіне біздің өңірімізден де делегаттар қатысты. Олардың саны 62 адам. Соның бірі “ҚР Ауғанстан және локалдық соғыстар ардагерлері одағы” қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төрағасы Игорь Гамов. Интернационалист -жауынгер съезд барысында Нұрсұлтан Назарбаев жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдарға артылар сенім жоғары екендігін атап көрсетті дейді.

 

Игорь Гамов, “ҚР Ауғанстан және локалдық соғыстар ардагерлері одағы” ҚБ СҚО бойынша төрағасы:

-Жиында Елбасы алдымызға нақты міндеттер қойды. Оның бірі “Қазақстан- 2050” стратегиясын жүзеге асыру. Екіншісі дамыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ену. Оған үкіметтік емес ұйымдар мейлінше атсалысулары керек деп атап көрсетті өз сөзінде ұлт көшбасшысы. Бұл ретте бізге артылар жүк ол өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Әскери адамдар бас қолбасшының бұйрығын бұлжытпай орындауы тиіс. Біз оған арқашан дайынбыз.

 

Бұл – съезд делегатының ойы. Ал алқалы жиынға қатыспаса да, оны көгілдір экраннан тамашалаған аға буын өкілдерінің Елбасы алға қойған міндеттерінен қорытқан өз пікірлері бар. Солардың бірі Қосман Бегалинов. Ол, өскелең ұрпақ арасында туған жерге деген сүйіспеншілікті түйсіне білмейтіндер бар, біз оларға елі мен жерін қастерлеуді үйретуіміз керек дейді. Оны Ұлт көшбасшысы да өз сөзінде атап көрсетті.

«Нұр Отанның» кезектен тыс өткен 15-ші съезіне арқау болған негізгі тақырып, ол “Қазақстан-2050” стратегиясы. Бұл ретте арнайы доктрина қабылданды. 7 басымдықты қамтитын құжтты алқалы жиынға қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Ендігі міндет оны жұдырықтай жұмыла жүзеге асыру.

 

Самат Есмағи