Құқық қорғау органдары

Әмбебап полицейлердің жолдағы алғашқы акциясы

 

 

Полиция құрамына айтарлықтай өзгерістер енгізілгенімен оларға жүктелер міндет айнымайды. Мәселен инспекторлардың құзырына жататыны жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл ретте олар түрлі алдын алу шараларын өткізіп, жол ережесін бұзу фактілерін де жиі анықтап жатады.

Бұдан бөлек полицейлер басқа да жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтап отыр. Мәселен 16 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кетсе, 26 көлік иесі жолда бұрылу тәртібін ескермеген. Екі жүргізуші жол үстінде тоқтап, апаттық жағдай тудырса, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 39 жаяу жүргіншіге айып салынды.

Ағымдағы жылдың 9 айында облыс көлемінде 274 жол-көлік апаты тіркелген. Нәтижесінде 39 адам көз жұмса 347-сі түрлі дене жарақаттарын алған. Күре жол қателікті кешірмейді.

 

Самат Есмағи