Мәдениет

Славян мәдениеті мерекесі

 

 

Осымен 7 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан фестиваль славян халықтарының мәдени, рухани өмірінің айнымас бөлігіне айналды. Мерекелік шараны Петропавл және Булаев епархиясының епископы Гурий ашты. “Покровский перезвон” славян халықтарына ортақ діни мереке болғандықтан, шараға украин, орыс ұлттарынан құралған ұжымдар атсалысты.

 

Владимир Ивашкин, «Звонница – Наследие» казак вокалды-хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі:

Бұл фестиваль арқылы біз туыстас халықтармен өзара аралас-құралас боламыз. Мәдени құндылықпен бөлісеміз, көрермендерге рухани азық береміз. Сол себепті, ұлтының болашағын ойлаған әрбір жан үшін бұл маңызды іс.

 

Өнер ұжымдары әзірлеген концерттік бағдарламаны көрермен қауым зор ықыласпен қарсы алды. Сахнада өңірдің 17 үздік ұжымы өнер көрсетті. Арасында халықтық ән-би ансамблі, орыс халық аспаптар оркестрі мен 2 православ және 3 казак хоры бар. Фестивальге қатысушы шығармашылық ұжымдар тек аудандардан ғана емес, көршілес Ақмола облысынан да келіп жатыр. Соның бірі Макинка қаласынан келген «Благовест» хоры.

 

Владимир Дзюбин, “Благовест” казак хорының жетекшісі, Ақмола облысы:

-Менің ойымша, әрбір жас адам өз ұлттың мәдениетін жете білуі шарт. Қазір қарап отырсам, концертке келіп жатқандардың басым көпшілігі егде жастағы адамдар. Ал, ертең бұл игі шараларды көрмей өскен жастардың күні не болатыны белгісіз.

 

Фестивальде өз өнерін көрсету үшін Пресновка ауылынан да музыкалық топ келіпті. Шығармашылық ұжымға 26 жыл болған.

 

Александра Жетпісбаева, “Казачья станица” ансамблінің жетекшісі, Пресновка, Жамбыл ауданы:

-Біздің Преснов ауданында 7 мәдени орталық бар. Біріншісі – Казачи орталығы. Сонда экскурсияға балалар келеді. Біз оларға бұрын әжелері, аталары қалай өмір сүргені туралы мағлұмат беріп, жәдігер мен суреттерін көрсетеміз. Соның барлығын кейінгі буын жақсы қабылдайы.

 

Берік Қасен