Құқық қорғау органдары

Ноутбук ұрлап, отын сатып алмақ болған

 

 

Қазанның бірінде таңертең жұмысына келген петропавлдық кәсіпкер кеңсе терезесінің сынғанын көреді. Үстелде тұрған 3 ноутбук қолды болған. Тоналғанын түсінген ол бірден қалалық ІІБ-на хабарласады. Полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті базарларды бақылап жүргенде тауып алады. Кейін анықталғандай, компьютерлерді 2 сауда нүктесіне де бір адам келіп тапсырған. Ол – Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны. Ауру қалса да, әдет қалмайды демекші, баукеспе бұрын осындай ісі үшін сотты болған. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол олжасын саудалап, түскен ақшаға отын мен көмір алғысы келіпті.

Алыпсатарлар әрбір ноутбукті 15 мың теңгеге бағалаған. Бірақ, олар компьтерлерді сатып үлгере алмады. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды.

 

Зарина Шәріпова, Петропавл қаласы ІІБ тергеушісі:

-Жедел-іздестіру тобы жүргізген іс-шаралары барысында қылмысқа қатысты деген күдікпен Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғастырылуда.

 

Жыл басынан бері облыс аумағында 4 962 мүлік ұрлау фактісі тіркелген екен. Бүгінде оның тек жартысы ғана ашылған.

 

Данаш Хамзина