Білім

Алғашқы лицеистер кездесуі

 

Лицейдің алғашқы түлектерінің оқу ордасын тәмамдағанына биыл 20 жыл толып отыр. Осыған орай өткен кездесуге білім ошағында 90-шы жылдары оқыған түлектер жиналды. Арасында Елена Башмакова да бар. Ол Ресей жинақ банкінің Омбы қаласындағы филиалында еңбек етеді. Қаржыгер лицейде алған білімім өмірде өз жолымды табуға көп көмек болды дейді.

 

Елена Башмакова, лицейдің түлегі:

ауд: Мен аталған лицейдің алғашқы түлегі болғаныма қуаныштымын. 3 жылдан соң оқуымды СҚМУ шет тілдері факультетінде жалғастырдым. Лицей қабырғасында алған біліміме ризамын. Сондықтанда мені оқытқан ұстаздарға алғыс айту үшін арнайы Омбы қаласынан келдім.

 

1990 жылы жұмысын бастаған лицейде 3 жыл бойы Галина Гордиянова да білім алған. Бүгінде ол М.Қозыбаев атындағы экология және география кафедрасында аға оқытушы болып еңбек етеді.

 

Галина Гордиянова, лицейдің түлегі:

– Мен лицейді тамамдаған соң ойлағанымдай СҚМУ экология және география факультетіне оқуға түстім. Университетті аяқтаған соң БЭСТ гимназиясында сабақ бердім. Шет тілдерінің факультетінде де оқыдым. Оны тамамдағаннан кейін университетке қызмет етуге шақырды. Міне, 10 жылдан бері осында жұмыс істеп жатырмын.

 

17 жыл көлемінде жұмыс істеп, оқушыларды білім нәрімен сусындатқан лицей 2007 жылы наурыз айында жабылып қалған болатын. Осы уақыт аралығында білім ошағынан 320 түлек қанат қақты.

 

Тамара Канаева, 1995-2007 жж СҚУ жанындағы лицейдің меңгерушісі және директоры:

– Біздің лицей инновациялық білім беретін оқу ордасы болып ашылды. Сол жылдары балаларды оқыту оңай болған жоқ. Дей тұрғанмен, біз лицейді сақтап қалу үшін барымызды салдық. Оқушылардың терең білім алуына жағдай жасадық. Педагогтар қауымы да білікті маман иелері болатын. Сөйтіп, алғаш түлектер 93 жылдары қанат қақты.

 

Кездесуден кейін түлектер университетке саяхат жасады.

 

Бану Ахметова