Қоғам

Жастар арасындағы аспаздар байқауы

Дәмі тіл үйіретін тамақты жылдам әрі сапалы етіп дайындау кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Сондықтан қазылар алқасы ең бастысы аспаздық шеберлікке көңіл бөледі. “Үздік аспазшы” атану үшін 5 студент мүмкіндіктерін сынады.

 

Яна Федорович, “Ауыл жастары одағының” КҚ атқарушы директоры:

-Ауылдағы еңбек етіп жүрген жастарды қолдау жобасы аясында біз “Мен өз ісімнің маманымын” атты облыстық байқау өткізудеміз. Біз оны жоспарлы түрде негізгі 4 аталымға бөлдік. “Жақсы пошта операторы” атауымен алғашқы кезеңі өтті. Бүгін енді 5 үміткердің арасынан “Үздік аспазды ” анықтайтын боламыз. Ал, ең жақсы тасқалаушы мен жақсы медбибі байқауы осы айдың соңына дейін өтпек.

 

Артем Иванов осы сынды байқауларды жібермейді. Аспаздық қабілеті де талайды таң қалдыратыны сөзсіз. Соның арқасында ол үстіміздегі жылы халықаралық байқауда 2-ші орын иеленіпті. Артем асхана шеберлері сайысында тәжірибесін пайдаланып, жұртты таң қалдырмақ. Студент “Үздік аспаз” атану қолымнан келеді дейді.

 

Артем Иванов, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

Бұл мен үшін маңызды қадам. Мен өз әріптестерімнен қалыспауға тырысамын. Әділ қазыларды жеке өзімнің ойлап тапқан “Жазғы” деп аталатын десертпен таңдай қақтыруға ниетім зор. Оған мен алма қосып, қышқылдау дәм беремін.

 

Қатысушылар екі кезеңде сынасты. 1-шісі ыстық тамақ әзірлеу, 2-шісі, десерт. Оған күшті талап қойылды. Ең аяғы санитарлық-гигиеналық талап пен қауіпсіздік ережесінің сақталуына да мән берілді.

 

Дмитрий Асташкин, Петропавл қаласы қызмет көрсету саласы колледжінің студенті:

-Мен тағам өндірісінен алынып тасталған бұрынғы Киевтік котлетті жасаймын. Шынымды айтсам, оның дәмі қалай болатынын өзім де білмеймін. Дайын болғанда, көрерміз.

 

Конкурс мақсаты: қала мен ауыл жастарының басын біріктіріп, сұранысы төмен мамандықтарға деген көзқарасты өзгерту. Алда болашақ медбибілер “Мен өз ісімнің маманымын” облыстық кезеңінде бақтарын сынамақ.

 

Берік Қасен