Білім

Солтүстікқазақстандық екі ұстаз “Үздік мұғалім” республикалық байқауында жеңіске жетті

 

“Үздік мұғалім-2013” 2-ші республикалық байқауында жеңіске жеткен Бақыт Алдабергенованың еңбек өтілі 8 жыл. Ұлағатты ұстаз Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінде химия және биология пәндерінен сабақ береді. Бақыт Алдабергенова 8 жыл бойы жинақтаған тәжірибесін республикалық сайысқа жіберген болатын. Сөтіп, ұстаз “Үздік мұғалім” атағына алды. Және ол диплом мен 1 млн 731 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Республикалық байқаудың жеңімпаздары өздерінің тәжірибелерімен жас әріптестерімен бөлісуде. Басқосуды ұстаз мәртебесін арттыру мақсатында “Өрлеу” ұлттық орталығы ұйымдастырды. Кездесуге қазақ мектеп-гимназиясының жас мұғалімі Бекназар Қазиев те қатысуда. Математика пәнінің оқытушысы мұндай кездесулер алға қойған мақсаттарымызды айқындап алуға көмектеседі дейді.

Ел бойынша 5 жарым мыңнан астам ұстаздардың арасында “Үздік мұғалім” атағына тек 48 оқытушы лайық деп табылыпты.

Сонымен қатар бүгінгі жиында “Мұғалім-мектептің жүрегі” атты облыстық фотобайқау қорытындыланды. Сайысқа барлығы 120-дан астам ұстаз қатысуға ние танытқан. Соның ішінде 15-і 1,2,3 орындарды алса, 8-і әртүрлі аталымдарда жеңіске жетті. Олар диплом, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Бану Ахметова