Қоғам

Облыстың мұрағат қызметіне – 90 жыл

 

Осыдан 90 жыл бұрын, яғни 1923 жылы 18 қазанда Ақмола атқару комитетінің қаулысымен Петропавл қаласында Ақмола губерниялық мұрағатының бюросы ұйымдастырылды. Бұл дата өңірдегі мұрағат қызметінің құрылған күні деп есептеледі.

 

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:

-Алғашқы басшы Краснопевцев Евгений Анатольевич болды. 18-ші ғасырдан бастап  құжаттар жиналды.

 

«Мұрағат қызметіне 90 жыл» деп аталатын көрмеде өңіріміздегі әртүрлі кәсіпорындар тарихынан сыр шертетін түрлі құжаттарды, деректерді кездестіруге болады. Жалпы бүгіндері СҚО мемлекеттік мұрағатында 1443 қор, 558 мыңнан астам іс және 10210 фотосурет сақталған. Ал ақпараттық- анықтамалық қорда 12 мыңнан астам кітап, газет журналдар шоғырланған.

 

Рүстем Елубаев,СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы:

-Алғаш рет мұрағат құрылғанда онда 1 ғана адам қызмет еткен. Қазіргі таңда өңірімізде 15 мұрағат филиалы бар. Оларда 121 адам қызмет етеді. 90 жыл ішінде облыстағы мұрағат қызметкерлерінің атқарған жұмыстары өлшеусіз. Бүгінгі айтулы күн баршаларыңызға құтты болсын.

 

Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде мұрағат қызметіне 2000 мыңнан астам азамат жүгінген. Қазіргі таңда құнды жәдігерлерді көшіріп, тарихтағы ақтаңдақтарды білуге қызығушылық артқандығы қуантады дейді мұрағат мамандары.

 

Мағжан Ахмадина