Мәдениет

“Қыз Жібек” операсы Петропавл сахнасында

 

 

«Қыз Жiбек» – қазақтың тұңғыш операсы. Халқымыздың кәсiби опера тарихының алғашқы бетi осы аталған туындыдан бастау алады. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық шығарма   осымен 3 рет сахналанды. “Қыз Жібек” операсы Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтікі. Пәк сезім мен шынайы махаббатты бейнелейтін туындыдағы Қыз Жібекті “Астана-опера” мемлекеттік опера және балет театрының солисі Айзада Қапонова сомдады. Әртіс Петропавл төрінде алғаш рет өнер көрсетіп отыр екен. Ал, Қыз Жібектің рөлін ойнап жүргеніне 6 жылдың жүзі болыпты.

Театрланған қойылымды сахналауға 80 адам жұмылдырылыпты. Операны көрермен назарына ұсыну үшін әртістер 1 жарым ай дайындалған.

“Қыз Жібек” операсы 1 сағат бойы сахналанды.

Операның соңында әртістерге облыс әкімі С.Ескендіровтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.

 

Бану Ахметова