Қоғам

“Махаббат пен мейірім құшағында біз – біртұтас жанұя”

 

Рухани келісім күні елімізде 21 жылдан бері аталып өтілуде. Айтулы күн өңірімізде де елеусіз қалмады. Бұл жолы дөңгелек үстелге жиналғандар “Махаббат пен мейірім құшағында біз – біртұтас жанұя” тақырыбында әңгіме әрбітті. Бас қосуға Қазақстан халқы ассамблеясының, жастар ұйымдарының және дін өкілдері, ардагерлер, оқытушылар мен студенттер және оқушылар қатысты. Дөңгелек үстелде азаматтың рухани дамуы мен этносаралық келісім мәселелері де сөз болды.

Еліміз көпұлтты мемлекет. Қазақстан азаматтарына дін бостандығы берілген. Сондықтан да мұнда жиналғандар түрлі дін өкілдері бір-бірімен тату болса, еліміз әрі қарай дами түседі дейді. Яғни, ұлтаралық татулық пен діни келісім – қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Дөңгелек үстелге қатысқан жастар да өз ойларымен бөлісті. Олар мұндай басқосулардың жас ұрпаққа берері мол дейді.

Рухани келісім күніне орай С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада “Қазақстан – рухани татулық елі” атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

 

Бану Ахметова