Мәдениет

«ХламАrt» көрмесі

 

 

Лолита Туктарова кішкентайынан сурет салып, қолдан әр түрлі бұйымдар жасағанды жаны сүйеді. Қазір де СҚУ колледжінің студенті бала кезінде ермек еткен ісін жалғастырып келеді. Бүгінгі көрмеге ол екі туындысын әкелген. Істен шыққан DVD дискісі, түсқағаздар мен тіс тазалағыш таяқшалардан жасалған мына тауыс қазылар алқасын ерекше баураған. Сол себептен ол сәндік-қолданбалы өнер номинациясында 3-ші орынға ие болған.

 

Лолита Туктарова:

– Мен бұл құсты 2 күн бойы құрастырдым. Ең алғашында қағаздан түйе жасағанмын. Кейін көрмеге тағы бір затты ұсынуды ұйғардым. Сосын ойыма мына тауысты жасау келді. Үйде анам маған көмектесті.

 

«ХламАрт» байқау- көрмесін ұйымдастырушылардың бірі – «МюльСервис» ЖШС директорының айтуынша, басты мақсат – қоқысты бөліп жинауға шақыру және қайтадан өңдеу мен пайдаланудың қажеттілігін түсіндіру. Көрмеде пластик, түйме, қатырма қағаз, жіп, газеттерден жасалған 150-ге жуық сан түрлі бұйымды көруге болады. Мұнда 132 автордың жұмысы қойылыпты.

 

Александр Мецлер,«МюльСервис» ЖШС директоры:

– Мен тіптен кішкентай балалар қалдықтардан осындай әдемі заттар жасай алады деп ойламаппын. Шынымен де біз қоқыс деп лақтырып тастайтын дүниелерден балғындар әсерлі өнер туындысын шығарған. Әрине қуантарлық жайт.

 

Аталмыш көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады.

 

 

Мағжан Ахмадина