Шухов көшесі бойындағы орналасқан мына коллектор 1966 жылы құрылған. Диаметрі 700 мм болатын құбырдың әбден тозығы жетіпті. 20-шы және 19- шы шағын аудандарда тұратын 200-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін коллектордың бетондық қорғаныс қабаты қирап, коррозияға ұшыраған. Салдарынан 5 метр тереңдікте орналасқан құбырлар сынып кеткен. Апаттың алдын алу мақсатында «Қызылжар су» ЖШС бұл жерде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Олар 50 метрлік құбырды жаңасына алмастыруда. Оған 2 млн теңге қаржы жұмсалыпты.
Сергей Визеров, «Қызылжар су» ЖШС бас инженері:
-Коллекторды қайта іске қосу үшін біз біртіндеп участоктарда алмастыру жұмыстарын жүргізудеміз. Қауырт шаруа 3-4 күнге созылады. Жөндеу жұмыстары кезінде ешбір үй сусыз қалмайды.
Солтүстік коллекторына келіп қосылатын аталмыш құбырлар 3 жылдың ішінде 5 рет істен шыққан. Барлық құбырларды бір ретте ауыстыру мүмкін емес, cондықтан біз бірте-бірте алмастырып жатырмыз дейді жауапты мамандар. Биыл кәсіпорын 1 желтоқсанан бастап тариф көтеруді жоспарлап отыр.
Елена Петрова, “Қызылжар су” ЖШС бас экономисі:
– 2013 жылдың 1 желтоқсанынан жеке тұлғалар судың бір текше метрі үшін 80 теңге, ал заңды тұлғалар 213 теңге төлеуі мүмкін. Бұл тариф қабылданса 3 жылға бекітіледі, яғни 2016 жылға дейін жоспарланған.
Өткен жылы кәсіпорын республикалық бюджет есебінен «Солтүстік» коллекторын толығымен жаңғыртыпты. Оған 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалған. Ал «Оңтүстік» коллекторындағы жұмыстар 70 пайызға еңсерілген.
Мағжан Ахмадина