Денсаулық сақтау

Астаналық кардиохирургтер солтүстікқазақстандық бүлдіршіндерге ота жасады

 

Анжеликаның жасы 9-да. Жүрегінің туа біткен ақауынан арылғанына 3 күн болған. Қазір өзін жақсы сезінеді. Шамамен 10 күннен соң ауруханадан үйіне жіберіледі дейді дәрігерлер.

 

Анжелика Самосёнкина, науқас:

-Жүрегім ауыратын, сондықтан қазанның 14-де ота жасады. Қазір жағдайым жақсы, еш жерім ауырмайды.

 

Облыстық балалар ауруханасы мен Астана қаласындағы ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталық арасында өзара келісім-шарт бар. Осының арқасында өңіріміздің кішкентай тұрғындары туа біткен жүрек ақауларынан арылуда. Ол арнайы ота жасау арқылы жүзеге асырылады. Биыл Елордалық кардиохирургтар 14 солтүстікқазақстандық балаға операция жасауы тиіс болатын. Жоспар уақтылы орындалды. 5 ота сәуір айында жасалса, соңғы қалғаны 4 күн ішінде орындалмақ.

 

Дмитрий Горбунов, кардиохирург, Астана қаласы:

-Соңғы төрт күнде 8 ота жасадық. Қазір 9-на кіреміз. Операциядан шыққан кішкентай науқастардың барлығы өздерін жақсы сезінуде. Ота жасалғаннан соң шамамен 1 -1,5 күн ғана жансақтау бөлімінде болады. Кейін жалпы палатаға көшіріледі. Жергілікті мамандармен қоян-қолтық жұмыс жасаудамыз. Олардың да біліктілігі жоғары. Біз тек күрделі деген оталарға ғана көмектесудеміз.

 

Бұл елордалық мамандардың қатысуымен өткізіліп жатқан биылдыққа соңғы ота. Жүрегінде туа біткен ақауы бар мына науқастың жасы не бары 1-де ғана. Отаның сәтті өтетініне сенім мол дейді дәрігерлер.

 

Нұрлан Айманов, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Биыл жүрегінде туа біткен ақауы бар 75 баланы анықтадық. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Шұғыл отаны қажет еткендердің саны 14. Олардың қазір 13-не операция жасалды. Науқастардың жағдайлары жақсы. Алдағы уақытта да Елордалық әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз.

 

Биыл жүрегіне ота жасалған балалардың жасы 1 мен 9 аралығында. Барлығының операциясы сәтті өткен. Бір айтары – алдын-ала тексерілу мен оталардың бәрі тегін.

 

Самат Есмағи