Мәдениет

Солтүстікқазақстандық полицейлер республикалық тіл байқауында үшінші орынды жеңіп алды

 

 

Полиция капитаны Олег Сизовтың қазақшасы қазылар алқасының көңілінен шығыпты. Өзге ұлт өкілі мектеп жасынан тілін қазақша сындыра бастаған. Кейін сөздік қорын молайту мақсатында күнделікті әріптестерімен мемлекеттік тілде сөйлесуді әдетке айналдырған.

Қазақ тілінің аясын кеңейту мақсатында жылда құқық қорғау органы қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырылады. Бұл жолғы игі шара 21 құраманы жиған. Тәртіп сақшылары мемлекеттік тілді өзгеден артық білетінін дәлелдеу үшін еліміздің жер-жерінен келіпті. Бұл сында өңір намысын тылды қамтамасыз ету, көші-қон полициясы мен Тайынша аудандық ІІБ өкілдері қорғады.

Облыстық кезеңде үздік атанғандардан жасақталған “Солтүстік жұлдыздары” құрамы ел деңгейінде де басымдылық танытты. Жерлес тәртіп сақшылары жалпы есепте үздік үштікті тұйықтады.

 

Жеңіс Ермұқанов