Қоғам

Құрбан айтпен мұсылмандарды өзге дін өкілдері де құттықтады

 

Ісі байыпты, сөзі салмақты діни қызметкерлер дастархан басына жайғасып, әңгіме-дүкен құрды. Олардың діндері түрлі болғанмен, ділдері бір. Ортақ тілек – ол өзара татулықты нығайту. Православ және католик конфессияларының өкілдері мұсылман қауымын мейірім мен шуақ шашқан Құрбан айтымен құттықтап, мерекенің маңызына тоқталды.

 

Гурий, Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

-Сіздерді мұсылман қауымының ең ұлық мерекесімен шын жүректен, ерекше қуанышпен құттықтаймын. Осы күндері құлшылық еткен ниеттеріңіз қабыл болсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, молшылық тілеймін.

 

“Қызылжар” орталық мешіті бас имамының міндетін атқарушы Аян Алыпқашев өз кезегінде құрметті қонақтарға алғысын білдірді. Әлемнің түкпір-түкпірінде террорлық бүліктің бұрқ еткенін естігенде елдегі дінаралық түсіністіктің маңызын бағалайсың. Өзгелерді кемсітпей, оларды сыйлау – Исламның негізгі ұстанымдарының бірі.

 

Аян Алыпқашев, “Қызылжар” орталық мешіті бас имамының міндетін атқарушы:

-Біз басқа діндермен, басқа ұлттармен санаса өмір сүру керекпіз. Біз бір Алланың жаратқан табиғатындамыз. Сол үшін ұлтаралық қатынас, дінаралық қатынас мұсылман үшін бірінші орында болуы қажет.

 

Дін өкілдерінің айтуынша, осы құндылықты сақтауда қоғамның діни мәдениетін жетілдіріп отыру қажет.

 

Данаш Хамзина