Спорт

Каратэден облыстық турнир

 

 

Тамерлан Кенжебаев каратэмен 5 жыл қатарынан айналысады. Бүгінгі тартысқа да 11 жасар жеткіншек мықтап дайындалған. Шапшаң қимылдап, тотамиде белсенді болған ол, алғашқы жекпе- жегін жеңіспен аяқтады.

 

Тамерлан Кенжебаев:

-Кешегі өткен ката бойынша екінші орын алдым. Бүгін кумитеде алғашқы қарсыласымды жеңдім. Мықты тартыс болды.

 

Ал Мырзахмет Амандықов 12-13 жас аралығындағы спортшылардың ішінде бақ сынайды. Ол жасы бойынша да тәжірбиесі жөнінен де Тамерланнан көш ілгері. Балғын спортшы болашағынан мол үміт күттіреді дейді жаттықтырушылары,  ол осыған дейін де талай халықаралық, республикалық жарыстарда жасындай жарқыраған.

 

Мырзахмет Амандықов:

– Март айында «Қазақстан» деп аталатын республикалық жарыста 1-2-ші орын алдым. Дайындығым жақсы деп ойлаймын.Келекшекте де осы спортпен айналысу ойымда бар.

 

«Жекпе-жек» деп аталатын каратэден облыстық ашық турнир өңірімізде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Дәстүрлі сайысқа 60-қа жуық спортшы қатысуда. Жеңімпаздар қараша айында Щучье қаласында өтетін Қазақстан біріншілігіне жолдама алады.

 

Раис Ямалдинов, төреші:

– 7- 16 жас аралығындағы балаларға арналған жарыстарда облыс құрамасы жасақталады. Олар қараша айының бас кезінде өтетін Қазақстан біріншілігіне іріктеледі.Жарыс жеңімпаздары медаль және дипломдармен марапатталады.

 

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша 10-11 жас аралығындағы жеткіншектер арасында жеңіске Кирилл Джума жетсе, 12-13 жасар спортшылардың арасында Мырзахмет Амандықов қарсылас шыдатпады. 14-15 жас аралығындағы жеткіншектердің ішінен Нұрсұлтан Амандықов үздік атанды.

 

Мағжан Ахмадина