Мәдениет

Халықаралық қуыршақ театрлары карнавалының арнайы жүлдесі – Петропавлда

 

 

Әртістер алғаш рет маусым арасында Ресей және екі Қазақстан қаласында болып 3 бірдей фестивальға қатысқан. Өнерпаздар үшін ең сәттісі халықаралық қуыршақ карнавалы болды. «Армысың, ақ кеме, бұл мен» деп аталатын қойылымда оларды ең үздік әдеби образ номинациясында марапаттаған. Алматыда өткен шараға әлемнің үздік актерлері жиылыпты. Тәжірбие бөлісіп, шығармашылығымызды байытып қайттық дейді әртестер.

 

Сапар Мапенов, облыстық қуыршақ театрының әртісі:

Бізге әсіресе бурят театрының қойылымы ұнады. Нақ сол шығарма үздік деп танылды. Итальяндық, испандық әртістер камералық туындыларды жақсы сахналанды. Олар балалардың да көңілінен шығады деген ойдамын.Олар философиялық тұрғыдан да, ойын тұрғысынан да мықты болды. Сонысымен де қызықты. Мол тәжірбие жинадық.

 

Облыстық театрдың да есебінде философиялық мағынаға толы қойылымдар бар. Солардың бірі өткен жылы театрда сахналанған Шыңғыс Айтматовтың шығармасы желісінде жазылған туынды. Оның режиссері – Болат Әбдірахманов. Қойылым Ақтөбеде өткен «Ассаламағалейкум» фестивалінде көрермен назарына ұсынылды.Қазылар алқасы бұл дүниенің драмалық тұсын жоғары бағалады.

 

Айгүл Қасенова, әртіс:

– Фестиваль байқау түрінде емес, тәжірибе жинақтау түрінде өтті. Барлығы сахналарды тамашалауға мүмкіндік алды. Біздің де қойылым көрермен көңілінен шықты. Режиссердің мақтауын асырды.

 

Әртістердің пайымдауынша, осындай фестивальдер шығармашыл жандар үшін үлкен өмір мектебі. Олардан көп нәрсені үйренуге болады.

 

Елена Мишаченко, әртіс:

Маған Болгариядан келген театрдың қойылымы ұнады. Өте шебер әзірленген екен. Ол балалардың ойлау қабілетін арттыруға септеседі.

 

Қазір әртістер Астанада өтетін фестивальге қызу дайындалуда. Ал қазанның 18-і қуыршақ театры жаңа маусым шымылдығын ашпақ.

 

Мағжан Ахмадина