Қоғам

Құрбан айтқа дайындық

 

 

Жаратушымыздың белгілеп берген екі мейрамының ұлығы – Құрбан айт. Ол күндері құрбандық шалу әр мұсылманға парыз. Құран кәрімде Аллаһ ризалығына шалынған құрбанның әр қылшығы үшін қиямет күні сауап бар делінген.

Құрбан шалу уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Ал айт намазына дейін шалынып қойылған мал құрбандық болып саналмайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малдары ғана шалынады. Қой мен ешкіні бір-бір үй, ал түйе мен сиырды жеті үй бірігіп шала алады. Құрбандыққа шалынатын төрт түліктің 12 мүшесі сау болуы шарт. Ал денесінде қандайда бір ақауы бар мал құрбандыққа жарамайды.

 

Самат Есмағи