Салық басқармасы

2 млрд теңге мөлшеріндегі салық қазынаға кем түскен

 

 

Салық төлеушілер жылдың әр тоқсанында салық департаментіне жеке табысы жөнінде есеп беруге міндетті. Дегенмен көп жағдайда қосымша құн салығы мағұлымдамасын тапсыруда олқылықтар кетіп жатады. Автоматтандырылған бақылау жүйесі былтырдың төртінші тоқсанымен 113 декларацияның дұрыс толтырылмағанын анықтапты. Нәтижесінде 2 млрд теңгенің қосалқы құн салығы анық көрсетілмегендігі жөнінде хаттамалар толтырылған.

 

Лилия Әбілева, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:

– Камералық бақылаудың мақсаты- салық есебінде салық төлеушілердің құқығын қорғап, заңға қайшы әрекет етпеуін қадағалау. Дей тұрғанмен кәсіпкерлер саудаланған тауардың қосалқы құнын жасыру сынды олқылықтарға жол беріп жатады. Бұндай жағдайда салық төлеуші заң бұзушылыққа жол бергені үшін өзі жауапты болады.

 

Олқылықтың орнын 30 күннің ішінде толтыру керек. Түзетілген нұсқасын электронды форматта немесе салық департаментіне келіп тапсыруға болады. Заңбұзушылық бекітілген уақытта түзелмесе әкімшілік жаза қолданылады. Сондықтан да салық департаментінің мамандары қосымша құн салығы декларациясын толтыруда мұқият болу керектігін айтуда.

 

Лилия Әбілева, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:

– Егер салық төлеуші камералық бақылауда жіберген олқылықтарымен келіспей жатқан жағдайда, ол себебін түсіндіруіне мүмкіндік бар. Бірақ, уақыт шектеулі, себебін түсіндірген жағдайда салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

 

Ал, заңды елемегендер 25-50 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

 

 

Бану Ахметова