Қоғам

«Қазпоштаның» үздік операторы анықталды

 

Светлана Турсунованың пошта байланысы саласында қызмет атқарып жүргеніне 4 жыл болыпты. Біздің жұмыста бастысы жұртшылыққа сапалы әрі жақсы қызмет көрсете білу дейді маман.

 

Светлана Турсунова, «Қазпошта» АҚ Мамлют аудандық пошта байланыс торабы қызметінің операторы:

-Біздің жұмыста сыпайылық, шыдамдылық, инабаттылық қажет. Күніне бірнеше клиентке қызмет көрсетеміз. Сондықтан олардың көңілінен шығу үшін жақсы жұмыс жасай білген жөн.

 

Жалпы байқауға 10 қызметкер қатысты.Аудандар мен қаладан жиылған мамандар 3 кезеңде бақтарын сынады. Алғашқысында әр үміткер өзін және жұмыс істейтін бөлімін таныстырды. Ал сайыстың екінші шарты ол қызметке қатысты арнайы сауалдарға жауап беру.Үшінші кезеңде әр маман өзінің шеберлігін танытып, оған берілген белгілікті бір жағдайдан шешім тауып шыға білу керек болды.

 

Яна Федорович, «СҚО ауыл жастары одағы» КҚ атқарушы директоры:

– Сайыстың басты мақсаты ол жұмысшы мамандықтардың сұранысқа ие екендігін көрсету. Жастарды осы сынды қызметтерге тарту. Біз жұмысшы мамандықтарды насихаттау үшін тағы бірнеше сайыстар ұйымдастырмақпыз.

 

Жеңімпаздар грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Мағжан Ахмадина