Қоғам

Христиандар үшін киелі зат – Петропавлда

 

 

Кезінде Иса пайғамбар керілген крестің сынықшалары бүгінде әлемдегі барлық православ дініндегілердің шіркеулерін аралап келеді. Оған тәу етіп, қол тигізу мүмкіндігіне солтүстікқазақстандық діндарлар да ие болды. Қасиетті крест бөлшегі салынған қобдиша Петропавлдағы Вознесение  кафедралдық соборына қазанның 9-ы күні кешке жеткізілді.

 

протоиерей Сергий, Петр мен Павел шіркеуінің басшысы:

-Адамзат баласын қорғап қалу тұрғысында әулие Иисус осы ағашқа керіліп жантәсілім еткен. Артынан оған Елена ханшайым қол жеткізіп, кресті үшке бөлген. Оның біреуі Римде, екіншісі Константинополь, үшіншісі Иерусалимде қалған. Осылайша ол әлемнің бірнеше елінде сақталып келеді.

 

Крестің сынықшаларын әлемнің көптеген шіркеулерінен кездестіруге болады. Оның ең үлкен бөлігі Грецияның Кутлумуш монастрында сақталған. Ол Қазақстанға қыркүйектің 26-да жеткізіліпті. Содан бері еліміздің бірқатар қалаларын аралап шыққан. Бізден кейін Елордасы Астанаға жол тартпақ. Көне жәдігерді бес діндар ел аралатып жүр. Қызылжарға жеткізілген құнды да әулие жәдігерді тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Шіркеу ішінде ине шаншар жер жоқ. Оған крест сынықшасын аралатып жүрген грециялық діндарлар таңданысын жасырмады.

 

Тимофей Афонин, Кутлумуш монастрының діндары, Греция:

-Сынықшаны көруге келіп жатқандар аз емес. Араларында шіркеуге аяқтарын аттап баспағандар да кездеседі. Тіпті өзге дін өкілдері де бар.

 

Кафедралдық соборға жеткізілгенге дейін крест сынықшасы салынған қобдиша өңіріміздің 7 елді мекенінде жұртшылық назарына ұсынылған. Облыс орталығында құнды жәдігер қазанның 11-і таңғы тоғызға дейін болмақ.

 

Самат Есмағи