Құқық қорғау органдары

Ішкі істер вице-министрі Петропавлға келді

Қарашадан бастап жол және патрульдік полиция құрылымдарының қызметі қайта құрылады. “Әмбебап полицейлер” қызметін жасақтауға еліміздің өзге өңірлерінде апробациядан өткен әлемдік тәжірибе себеп болып отыр. Министрлік басшылығы бұл жаңашылдықты енгізудің нәтижесінде бір бағытта қайта-қайта кезекшілік атқаруды реттеп, көшелер мен қоғамдық орындарда полицейлерді жиілетуге және ең бастысы, құқықбұзушылық туралы түскен ақпаратқа жылдам әрекет етуге септігін тигізеді дейді.

Сондай-ақ, заңнамаға да қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Қазіргі таңда ізгілендіру мәселесі әлі де өзекті. Қылмыстық, Қылмыстық-атқару, Қылмыстық-процессуалдық заңнамадағы реформа және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің жаңа жобасы тергеу жүйесі және сот ісінде қордаланып қалған мәселелерді шешуге септеседі деді Ерлан Тұрғұмбаев. Жиында заңсыз көші-қонды қадағалау жайы да талқыланды.

 

 

Данаш Хамзина