Қоғам

Қазтоштаның мерейтойы

 

 

Бұған дейін хат-хабарды тұрғындарға пошташылар велосипедпен тарататын. 20 жылдың ішінде көп нәрсе өзгерді. Қазір дүниенің бір түкпірінен екіншісіне дейін хат жолдау, хабарлама, сәлемдеме жеткізу және ақшалай аударымдарды жылдам алуға болады. Заман талабына сай пошта да дамып келеді. 2010 жылы “Қазпочта” АҚ сапалы қызмет көрсеткені үшін ЕМS халықаралық кооперативінің “Золотой уревень” сертификатын алды. Мұндай жоғарғы дәрежені біздің республикадан өзге 203 мемлекеттің ішінде тек 12-сі ғана иемденді.

 

Соңғы 10 жылда ішінде «Қазпочта» АҚ облыстық филиалының көрсететін қызмет көлемі 6,7 есеге артыпты. Және 20 жылдың ішінде пошташылардың қызметінің әлдеқайда жақсара түскендігін осында келген ардагерлер де айтты.

Бүгінгі күні «Қазпочта» АҚ облыстық филиалында 1800 адам еңбек етеді. Және олар 700 ауылдық  мекендерге қызмет көрсетеді. Дүниежүзілік пошташылар күнімен өңір жетекшісінің атынан жиылғандарды облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.

Пошташылар күнінде еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер облыс әкімі және филиал басшысының атынан құрмет грамотасы және алғыс хаттарға ие болды. Марапаттау салтанатында Үмітжан Қаратаеваның да есімі аталды. Ол Уәлиханов аудандық “Қазпочта” АҚ пошта байланыс торабында оператор болып 10 жылдан бері қызмет етеді екен. Еңбегі ескерілген қызметкер құрмет грамотасына ие болды.

Марапаттау салтанатының соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Бану Ахметова