Көлік және жолдар

Жаңа аялдамалар мен бағдаршамдар

 

Қаланың архитектуралық сәулетін арттыра түсу, тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсарту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаһарымыздың басты көшелерінде автобус аялдамалары мен бағдаршамдар орнатылуда. Қазір қоғамдық көліктер тоқтайтын арнаулы орындар жаңа кейіпке енуде. Су жаңа 10 шыны аялдама Жамбыл көшесі бойында орын тебеді.

 

Гүлжан Темірбекова, Петропавл қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы:

– Жаңа он аялдаманы орнатуға қалалық бюджеттен 6 млн теңге бөлінді. Қазір жұмыстардың 100 пайызға жуығы орындалды. Кішігірім жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

Аялдамаларды орнатып жатқан бас мердігер компания – «Заңғар LTD» ЖШС. Мұндай бір аялдаманың құны- 600 мың теңге. Алдағы уақытта тағы бірнеше осындай нысан пайда болады деп жоспарланған.Тұрғындар болса, қала көшелеріндегі орын алып жатқан тың өзгерістерге оң бағасын беруде.

 

–  20 жыл бұрынғы қала кейіпімен салыстырғанда қазір шаһар көркі біраз жақсарды. Міне жаңа аялдамалар орнатылып жатыр. Өте әдемі.

-Мен осы көше бойында тұрамын. Сондықтан аялдамалардың жаңаларына ауыстырылуы қуантады.

 

Бұдан өзге облыс орталығындағы кісі көп жүретін көше бойларында бағдаршамдар орнатылуда. Жалпы қала бойынша 70-тен астам осындай қондырғы жұмыс істеуде.

 

Мағжан Ахмадина