Қоғам

Ардагерлер Абылайхан резиденциясында болды

 

 

Роза Шәкенова Абылайхан резиденциясына алғаш рет келіп отыр. 73 жастағы кейуана 36 жылын ұстаздық қызметке арнапты. Жағрапия пәнінен сабақ берген. Қария Абылайхан бабамыз жайлы осыған дейін көп естідік. Ал бүгін оның тарихымен жіті таныстып, қолданған заттарын көрдік дейді.

 

Роза Шәкенова, ардагер:

-Барлық залдарды аралап жатырмыз. Өте жақсы жасалған.

 

Бүгінде қалада 38 мыңға жуық қарт адам тұрып жатыр, олардың 205-і ҰОС ардагері. Жас ұрпақ үшін аға буын өкілдеріне құрмет көрсету парыз. Сондықтан қариялар бір сергіп, дем алу үшін осындай шараларды жиі ұйымдастыру жоспарланған.

 

Ирина Осинская,СҚО жастар бірлестігі одағының менеджері:

– Қарияларымыздың көпшілігі жалғыз тұрады. Сондықтан көбінің мұражай, театр сынды әлеуметтік нысандарды аралауға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті біз арнайы экскурсия ұйымдастырып отырмыз. Алдағы уақтытта бұл игі дәстүрді жалғастырмақпыз.

 

Биыл қазақ халқы Абылай ханның 300 жылдығын атап өтуде. Сондықтан тарихи тұлғаның өмірі мен сол дәуір жайлы сыр шертетін резиденцияға келген ардагерлер мұражай-кешеннің барлық залдарын аралап, ерекше қызығушылықпен тамашалауда. Жастар ұйымдастырған шара ардагерлердің көңілінен шықты.

 

Қырғыз Мұсабаев, ардагер:

-Көңілімнен шықты.

Бахыт Бекахметова, ардагер:

-Мен мұнда 4-ші рет келіп отырмын. Сонда да қызық болып көрінеді.

 

Алдағы уақытта қарияларды Қызылжар оранжереясы мен «Нептун» аквапаркіне саяхаттату жоспарланған.

 

Мағжан Ахмадина