Құрылыс

Телекоммуникация саласындағы тың жобалар

 

 

Компания енгізіп жатқан жаңа акциялардың бірі “Турбо-трафик” қызметі. Ол “Мегалаин” абоненттері үшін айлық лимит таусылған кезде болмашы сомаға қажет көлемде трафик сатып алуға мүмкіндік береді. Жұмыс сапасын жақсарту үшін ұсынылып отырған екінші қызмет түрі – “Шақырылушы абонент есебінен шақыру”.

 

Руслан Ахметов, «Қазақтелеком» АҚ ОТД коммерциялық директорының орынбасары:

– Бұл дегеніміз – барлық ел аумағында шақырылушы абонент есебінен қоңырау шалу мүмкіндігі. Яғни сіз арнайы нөмірді теріп, қоңырау шалып отырған абонентке оның есебінен телефон соғып жатқандығыңыз жөнінде ұсыныс жасайсыз. Кейін қабылдаса, онда сол адамның есебінен тегін сөйлесе аласыз.

 

Мұнымен қоса қыркүйек айынан бастап компания жаңа тикеттік жүйені енгізген. Тың қызметтің арқасында абоненттер онлайн тәртіпте Интернет желісі арқылы орын алған қателіктер жайлы айтып, өтініштер қалдыра алады.

 

Руслан Ахметов, «Қазақтелеком» АҚ ОТД коммерциялық директорының орынбасары:

– Бұл арқылы пайдаланушылар уақыт үнемдеп, тапсырыс жағдайын үнемі қадағалап отырады. Тикет жүйесіне қосылу үшін 160 телефоны не idport.kz сайтында жеке шот немесе жеке куәлік нөмірі арқылы тіркелу қажет.

 

Бүгінгі таңда компания тұтынушыларына 10-нан астам әрқилы акцияларын ұсынып отыр. Оларды 200 мыңнан астам солтүстікқазақстандық пайдаланады. Телекомдықтардың қызмет көрсету сапасы тұрғындардың көңілінен шығуда.

 

– Маған «Қазақтелеком» мекемесінде көрсетілетін қызмет түрлері ұнайды. Қызметкерлер әрдайым сыпайы сөйлесіп, көмектесуге әзір.

– Қызмет көрсету сапасына көңілім толады. Біз сияқты қарт адамдарға қызметкерлер ылғи көмек қолын созып, аппараттармен жұмыс істеуге жәрдемдеседі.

 

Сондай бір акцияның арқасында жыл соңына дейін облыс тұрғындары телефонды тегін қосу мүмкіндігіне ие болып отыр.

 

Мағжан Ахмадина