Қоғам

Қазақстанда медиация институтын енгізу

 

 

5 күндік курстарға медиаторлық қызметтен дәмелі облыстағы заңгер, психолог, педагогтар – жалпы саны 16 адам жиылыпты. Заңгер мамандығын меңгерген Арман Дүйсенбаев курстарға арнайы Көкшетау қаласынан келген. 4 жылдық еңбек өтілі бар маман әрдайым жаңашылдыққа ұмтылып, тың дүниелерді үйренуге құмар. Сондықтан осындай курстардың болашақ медиаторлық қызметімде берері мол дейді.

 

Арман Дүйсенбаев, заңгер, Көкшетау қаласы:

– Курстар тәжірибе жинақтап, медиация жайлы толығырақ білуге септеседі.

 

Медиация – даулы мәселелер және дау-дамайларды бейбіт түрде шешудің тиімді құралы болып табылады. Медиаторға судьяның өкілеттілігі берілмеген, ол шешім қабылдай алмайды және тараптарды өз шешімін орындауға міндеттемейді. Дегенмен, ол келіссөздердің тиімді жүргізілуіне көмектеседі және оларды қажетті арнаға бұрады. Өз бейтараптығының арқасында медиатор даудың мән-жайын әділ бағалап, проблеманы оңтайлы шешуге көмектеседі. Елімізде 2011 жылдың 28 каңтарында «Медиация туралы» Заң қабылданды, алайда медиацияның қоғамдық жүйесін құру туралы шаралар әзірше белгіленбеген. Мемлекеттің ірі қалаларында медиация орталықтары кұрылған, бірақ бірқатар өңірлерде осы уақытқа дейін бұл жобаны пәрменді жүзеге асыра алатын медиаторлар корпусы жоқ. Аталмыш курстардың мақсаты да сол – тәжірибе жүзінде медиаторларға білім беру.

 

Бахыт Жұмақаева, Халықаралық бизнес академиясының медиация және конфликтология орталығының жетекшісі, бизнес-тренер:

– Оның мақсаты медиаторлары дайындап қана қоймай, оларға терең білім беру. Анализ жасауға үйрету.

 

«Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша тренингтер осыған дейін Ақтау қаласында өткен. Өңірімізден кейін дайындық шаралары Қызылорда және Семейде ұйымдастырылмақ. Ал оқу аяқталған соң тыңдаушыларға арнайы сертификаттар беріледі.

 

Мағжан Ахмадина