Білім

Оқушының кекілін қиған мұғалімнің ісімен прокуратура айналысуда

 

 

Жамбыл ауданындағы Бауман негізгі мектебінде 47 оқушы бар. Оларға 14 ұстаз сабақ береді. Оқу жылы басталмай жатып аталмыш мектеп даудың ортасында қалған болатын. Алгебра пәнінің мұғалімі, 7 сыныпта оқитын екі оқушының кекілін, сабақ үстінде қиған. Кейін, балалардың бірі, Олжас Тілеген ауыл сыртына қашып, жұртты әбігерге салыпты. Бұл оқиға аудан прокурорларына жетіп, олар тергеу жүргізуде. Бұл жәйтті ешкім жасырып отырған жоқ. Ал ұстаз өзінің әбес қылығын әріптестері мен мектеп директорына жазбаша және ауызша да түсіндіріп берген.

 

Назгүл Қарабаева:

-Объяснительный алдым мұғалімнен, содан кейін выговор бердім.Сосын профсоюзный собрание өткіздік мұғалімдермен. Айттық бұл істегенің қате деп. Үйіне содан кейін барып, кешірім сұрадық мұғаліммен бардық, өзім бардым.

 

Әлия Сарбаева, Бауман негізгі мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Жамбыл ауданы

-Шашы өсіп кеткесін, яғни кекілін қырықтым деді. Ал бірақ, жазуын жазған жоқпын деді.

 

Қыркүйек айының басында орын алған фактіден соң шаш қиған мұғалім де, мектеп директоры да қызметтерінен босатылды.

 

Шолпан Каринова, СҚО білім басқармасының жетекшісі:

-Жамбыл ауданы Бауман негізгі мектебінде математика пәнінің мұғалімі сабақ үстінде ата-ананың келісімінсіз, 7-сыныптың оқушысының шашын қию фактісі болды. Бұл факті бойынша мектеп тарапынан, аудандық білім бөлімі тарапынан іс-шаралар қабылданды. Біріншіден мұғалімге сөгіс жарияланды. Аудандық білім бөлімінің бұйрығы негізінде мектеп директоры жұмыстан, осы мұғалімнің педагогикалық этиканы бұзғаны на байланысты жұмыстан шығарылды.

 

Бұл оқиғада ақ-қараны айырып айту қиын. Себебі, оқушының сабақ үлгерімі де, тәртібі де қанағаттанарлық. Мұны сыныптастары айтып отыр.

 

-Ол тентек бала. Жай мінезі ашық, ұрсысып қалсаң, бірден ұмытып қалады. Ол алгебра сабағында болды. Оған көзіне шашы тиіп тұрған, сосын оларға айтқан сендер алып келіңдер деді. Сосын олар алып келген жоқ, сосын қырқып тастады.

 

Кекілі кесіліп, мұғалімнің оғаш қылығынан жапа шеккен оқушының да, ата-анасының да өз айтарлары бар.

 

Зәуреш Тұралинова, әжесі:

-Маңдайына екілік деп жазғаны да, кекілін қиғаны да рас. Біз мұғалім мен мектеп директорының жұмыстан босатқанын талап еткенбіз. Шара қолданған аудан басшыларына алғыс айтамын. Қазір баламның көңіл күйі жақсы.

 

Материалды “Қазақстан-Петропавл” арнасының тілшілері әзірледі