Спорт

Күзгі кросс

 

 

Жарыс жолына бірінші болып 12 және одан кіші жастағы қыздар шықты. Олар жүгіріп өтетін қашықтық – 500 метр. Бас төреші ысқырып қалып еді, бұрымдылар арасындағы бәсеке басталып кетті. Мақсат – озып алға шықпасаң да, жақсы нәтиже көрсетуің қажет. Бұл сында Ғалия Ақмултыкова төртінші болып келді.

 

Ғалия Ақмултыкова, жарысқа қатысушы, Жамбыл ауданы:

-Мен кроссқа бұған дейін де қатысқанмын. Мені қалдырмайды ешқашан. Келер жылы тағы қатыссам, 1-ші орын алуға тырысамын.

 

Сайыскерлердің жасы неғұрлым үлкен болса, қашықтық та соғұрлым ұзын болады екен. Ересек ұлдар үшін ең ұзын аралық – 3 километр болып саналады.

Бұл жерде әркімнің қосар үлесі маңызды. Сол себепті, олар бастама алдында әбден шынығып алмақшы.

Солтүстікқазақстандық жас спортшылар осылай дәстүрлі түрде жылына екі рет кездеседі. Күзде және көктемде. Қазір ең жүйрік атану үшін 10 команда жарысуда.

 

Есілбай Омаров, БЖСМ жұмыс істеу жөніндегі оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары:

-Жарыс биыл 8-ші жыл өтуде. Оған қатысып жатқан спортшылардың деңгейі жоғары деп айтуға болады. Жарыстың нәтижесінде қай ауданның қандай дайындықпен келгенін көреміз.

 

Сайысқа барлығы 200 жасөспірім қатысты.

 

Данаш Хамзина