Қоғам

Қазанның 1-нен елімізде күзгі әскерге шақыру маусымы басталды

 

Отан алдындағы борышты өтеу – әр бір азаматтың міндетті. Мұнда жиналған жігіттер аудандық және қалалық дәрігерлік тексерістен өткен. Енді ең соңғы кезең қалды. Ол – облыстық медициналық комиссиядан сүрінбей өту. Отанымыздың тыныштығын кірпік қақпай күзетуді мақсат еткендердің қатарында Асқар Калгаев та бар. Ол да бүгін медициналық тексерістен өтті. Бойы 171 см, салмағы 60 келі. Денсаулығы мықты. Енді, ол әскери борышын Президенттік “Ұлан” гвардиясында өтейтін болады.

Бұл жолы Отан алдындағы міндеттін орындауға 22 жастағы Серік Жағыпар да атанғалы тұр. Ол ІІМ ішкі әскерінің әскери бөлімінде борышын өтемек.

Күніне бұл жерге шамамен 50 адам келеді екен. Әрбірі жіті тексерістен өтеді. Содан кейін ғана әскери құрылымға бөлінеді. Ал, қазанның бірінен басталған науқанда дәрігерлер 150 жігіттің денсаулығын бақылапты.

Әскери қызметке жарамды солтүстікқазақстандықтар әскери бөлімдерге жіберілмек. Әскери комиссариат облысымыздан 500-ден астам азаматты Отан алдындағы парызын өтеуге аттандыруды жоспарлап отыр

 

Бану Ахметова