Бизнес және экономика

Өнімді интернет арқылы өткізу

 

“Қазагромаркетингтің” мамандары солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге интернет-ресурстың мүмкіндіктерін барынша пайдалануға кеңес береді. Ол үшін, тіпті, арнайы бағдарлама ұсынып отыр. “Қазақстандағы тауар өткізуші жүйе” жобасы елімізде 1 ай бұрын қолға алынған екен. Қазір ол әзірге, әдістемелік түрде жүзеге асуда. Бағдарламалық өнімнің 4 бағыты бар.

 

Нұрлан Мұхамеджанов, “КазАгромаркетинг” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Астана қаласы:

-Олар ірі тауар өндірушілерге өз ісін кеңейтуге, ал шағын бизнес өкілдеріне өздерін танытуға мүмкіндік береді. Біз осы жоба арқылы 2 жұмыс істеуге кеңес береміз. Кейін оның пайдасын өздеріңіз көре жатарсыздар.

 

Интернет-бағдарламаны әзірлеушілердің айтуынша, жоба арқасында кәсіпорынның қызметкерлеріне маркетингті оқытуға болады. Қазір жобаға 20 компания қатысып жатыр екен. Олар Ақмола мен Қарағанды облыстарының өндірушілері. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де тауарды алға жылжытудағы жаңа құралды пайдаланулары қажет дейді.

 

Қайрат Бекенов, СҚО әкімінің орынбасары:

-Біз қазір тетіктердің мүмкіндіктерімен танысамыз. Барлығы да оның оң мен солын ажыратып, тиімді тұстарын түсінуі қажет.

 

Бұл – жергілікті тауар өндірушілердің тауарын нарыққа енгізудегі екінші қадам. Қазір өңірде оларға ірі сауда нүктелерінде орындар қарастырылуда.

 

Данаш Хамзина