Мәдениет

Облыстық филармония жаңа концерттік маусымын ашты

 

 

Облыстық филармония әртістерінің өнерін солтүстікқазақстандық көрермен жоғары бағалайды. Сондықтан бүгін Н.Погодина атындағы театрда ине шаншар жер жоқ. Өнерсүйер қауым концерттің басталуын асыға күтуде.

 

– Концертте болмағаныма көп болыпты. Сондықтан бүгін ерекше сергіп қайтамын деп ойлаймын. Маған әсіресе эстрадалық- симфониялық оркестр ұнайды. Бүгін олардан жақсы шығармалар күтемін.

– Жергілікті өнерпаздардың өнері көңілімізден шығады. Біздерді ылғи таң қалдырады. Оларға сәттілік тілеймін.

 

49-шы маусымның ашылуы, бұл мекемеде өнер көрсетіп жүрген әртістер үшін де үлкен мереке. Әр шығармашылық ұжым сахнаға шығар алдында соңғы рет дайындықтарын пысықтауда. Өйткені көрермендерге ұсынғалы отырғаны жаңа бағдарлама.

 

Дәмеш Құрманкина, СҚО филармониясының солисі:

-Біз бүгін қызықты бағдарламаны көрермен назарына ұсынамыз. Бұл біз үшін өте қуанышты, мереке. Халық көңілінен шығамыз деген ойдамын.

 

«Туған Жер» би ансамблі, камералық хор, эстрада-симфониялық оркестр, «Қызылжар» халықтық музыка ұжымы, қазақ ұлттық аспаптар оркестрі. Бұлар көпшілік сүйіп тыңдайтын, халық көңілінен шыға білген өнер ұжымдары.

Аталмыш маусымда көрермендерді көптеген тосын сыйлар күтуде дейді филармония әртістері.

 

Мағжан Ахмадина