Білім

Мұғалім оқушысының бағасын күнделігіне емес, маңдайына жазып берген

 

Жасөспірім тұрмысы жақсы отбасыдан. Анасы Астанада жұмыс істейтіндіктен әжесімен тұрады екен. Әзірге, 25 жастағы маманның не себептен бұлай істегені белгісіз. Ол қалған оқушыларға «көрдім» деп тіс жармаңдар, кейін 1-ші тоқсанда оқуларыңды “5”-ке қорытамын» деп уәде берген. Бірақ, бұл уәденің орындалмайтын түрі бар. Өйткені, мұғалім Әкімжанова қызметінен қуылды. Ол директордың келіні болып шықты. Мектеп басшысы да жұмысынан кетті.

 

Арман Құсанов, СҚО прокурорының көмекшісі:

-Прокурорлардың жазған актісі бойынша аталған мұғалім тәрбие беретін қызметкер бола тұра адамгершілікке жатпайтын қылық жасағаны үшін ҚР Еңбек кодексі 54-ші бабы 1-ші тармағының 11-ші тармақшасына сәйкес қызметінен босатылды. Сондай-ақ, бұл мектептің директоры да жұмысынан шығарылды. Оқушының ата-анасының залалдың орнын толтыру туралы сотқа арыз түсіруге құқықтары бар.

 

Данаш Хамзина